Өзбекстан мәдениет министрлігінің қызметкерлері тақия киіп жүрмек

Мәдениет министрлігі Сурет: видеодан кадр
Ұлттық дәстүрді насихаттау үшін

Өзбекстан мәдениет министрлігінің қызметкерлері енді жұмыста тақия киіп жүреді.

Бұл туралы мәдениет министрі Озодбек Назарбеков Конституция күні қарсаңында мәлімдеді.

Шенеуніктің айтуынша, министрлік басшылығы осы бастамасымен ұлттық дәстүрді насихаттауды қолдайтынын көрсеткісі келді.

Назарбековтің бейнеүндеуінде министрлік қызметкерлерінің тақия киіп жүргені көрсетілді. "Мәдениет саласының өкілдерін осы бастаманы қолдауға үндеймін", - деді министр.

Бұның алдында Мәдениет министрлігі Ташкентте TikTok Fest концертін ұйымдастыруға қарсы шыққан. Министрлік бұл шешімін өзбек халқының "ұлттық менталитетіне сай емес" концерт деп түсіндірген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз