Путин – Байден келіссөзі: Ақ үй мен Кремль не дейді

АҚШ пен Ресей Сурет: РФ президентінің баспасөз қызметі
Байденнің санкциялар қолдануға дайын екені расталды

АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей көсемі Владимир Путин бейнебайланыс арқылы екі сағатқа созылған келіссөз өткізді. Негізгі тақырып Ресей әскерінің Украина шекарасы жанында шоғырлануы және Батыстың Ресей Украинаға басып кіруі мүмкін деген қауіп.

Ақ үй не дейді?

Келіссөз барысында Байден АҚШ-тың Украина шекарасына жақын жерде Ресей әскерінің жиналуына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлады Ақ үй.

«Байден АҚШ пен оның Еуропадағы одақтастардың Украинаның маңайына Ресей әскерін орналастыруға байланысты жағдайдың шиеленісуіне терең алаңдаушылығын білдірді және шиеленіскен жағдайда экономикалық және басқа да шаралармен жауап беретінін атап өтті. Байден Украинаның тұтастығы мен егемендігін қолдайтынын мәлімдеп, «шиеленісті азайтуға және дипломатияға қайта оралуға» шақырды». келіссөздерден кейінгі Ақ үй мәлімдемесі

Сондай-ақ келіссөздер барысында Путин мен Байден киберқауіпсіздік, стратегиялық тұрақтылық, сондай-ақ Ресей мен АҚШ-тың аймақтық мәселелер, соның ішінде Иранмен қарым-қатынастардағы бірлескен жұмысы мәселелеріне тоқталды, деп хабарлады Ақ үй.

Кремль не дейді?

Кремль Путин мен Байденнің келіссөздері ашық әрі іскерлік сипатта өткенін хабарлады.

Хабарламада әңгіме көбіне «ішкі украин дағдарысына қатысты мәселелер және 2015 жылғы Минск келісімдерін жүзеге асыруда ілгерілеушіліктің жоқтығына қатысты мәселелер» жөнінде болғаны айтылады.

«Ресей президенті Киевтің Минск келісімдері мен «норманд форматында» қол жеткізілген келісімдерді толығымен жоюға бағытталған арандатушылығын нақты мысалдармен көрсетті, Киевтің Донбассқа қарсы арандатушылық әрекеттеріне қатты алаңдаушылық білдірді», - деп хабарлады Кремль

Сондай-ақ Ресей тарапы Байденнің Украинамен шекарада жағдай шиеленісетін болса АҚШ-тың  санкциялар қолдануға дайын екенін ескерткенін растады.

«Джозеф Байден Ресей әскерінің Украина шекарасы жанында жүруін қауіп-қатер деп атап өтті және АҚШ пен оның одақтастары жағдай одан әрі шиеленіссе, қолданылатын санкциялық шараларды атап өтті». Кремль

Путин бұған жауап ретінде НАТО-ның Украина территориясына тереңдеу үшін қауіпті әрекеттер жасап жатқанын және Ресей шекарасына жақын жерде өз әскери әлеуетін арттырып жатқанын айтты.

«Сондықтан Ресей НАТО-ның шығыс бағытта кеңеюін және Ресейге іргелес мемлекеттерде шабуылдаушы қару-жарақ жүйелерін орналастыруды болдырмауға мүдделі», - деді Ресей президенті
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз