Ресейде Путиннің рейтингі 2014 жылдан бергі ең төменгі деңгейге түсті
Егер келесі жексенбіде президент сайлауы өтетін болса, ресейліктердің 32 пайызы Кремльдің қазіргі басшысы Владимир Путинге дауыс береді. Бұған 2021 жылдың 25 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында жүргізген Левада орталығының сауалнамасының нәтижелері дәлел.
Сәуірмен салыстырғанда Путиннің сайлауалды рейтингі 8%-ға төмендеді. Сонымен қатар, бұл 2014 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш. Басқа ресейлік саясаткерлердің рейтингі айтарлықтай төмен.
Мәселен, Ресей Либералдық-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновскийді респонденттердің 3%-ы , РФ Коммунистік партиясының жетекшісі Геннадий Зюгановты 2%-ы қолдауға дайын.
Бұл ретте респонденттердің 27%-ы дауыс бермейтінін айтса, 21%-ы таңдау туралы шешімге келмеген. Президенттік сайлауға қатысуға дайын екенін мәлімдеген респонденттердің арасында Путиннің рейтингі биылғы сәуірмен салыстырғанда 7%-ға төмен. 2014 жылдан бері алғаш рет Путинді қолдау 50%-дан төмендеді. Респонденттің үйінде жеке әңгімелесу әдісімен 137 елді мекенде барлығы 18 жастан асқан 1 603 адам сұралды.
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты