Нығматулин Павлодар облысы тұрғындарын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы Сурет: ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі
Еліміздің және өңірдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін павлодарлықтар жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Павлодар облысының тұрғындарына мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы егемен еліміздің қалыптасуына, өсіп-өркендеуіне, дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан ірі орталық және индустриалдық аймақ екенін атап өтті. Бүгінгі күні осы аймақта Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  стратегиялық идеялары және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың маңызды бастамалары табысты жүзеге асырылып, олар тек облыстың ғана емес, жалпы еліміздің экономикалық дамуына зор ықпал етіп келеді. Нұрлан Нығматулин

Сонымен қатар, Палата спикері Павлодар облысы – инновациялық-индустриялық даму, ірі өнеркәсіп, мұнай, электр өнімдерін өндіру сияқты басқа да салада жоғары көрсеткіштерге ие болған, мемлекетіміздің әлеуметтік, экономикалық дамуына ықпал етіп келе жатқан аймақ екенін ерекше атап өтті.

Еліміздің және өңірдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін павлодарлықтар жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды.

Атап айтқанда, II дәрежелі «Барыс» ордені мұғалім Наталья Покидова, «Парасат» ордені еңбек ардагері Әби Сарқыншақовқа табысталды. «Құрмет» орденін  көмір кенішінің машинисі Сергей Щербаков, ақындар Ғалымбек Жұматов пен Арман Қани иеленсе, ал III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін – сығымдаушы Эдик Балтабаев, энергоблок машинисі Анатолий Камнев, жабдықтарды жөндеу қызметінің шебері Владимир Леванин, «Ақсу» ферроқорытпа зауытының балқытушысы Орал Мырзатаев иеленді.

Мәжіліс төрағасы

Сурет: ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі

«Ерен еңбегі үшін» медалі
тарихшы, өлкетанушы Эрнест Соколкинге, дәрігерлер Елтай Батхолдинге және Зинаида Раздорскаяға, орман шебері Владимир Покорскийге, кәсіпкер Гүлмира Нұрхановаға берілді. Қазақстан Республикасының «Құрмет грамотасымен» «Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамы» облыстық филиалының басшысы Гүлнар Исақанова, А. П. Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театрының жетекшісі Виктор Аввакумов марапатталды.

 

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы

Сурет: ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз