Зейнетақы жинағының бір реттік төлемін пайдалану тәртібіне өзгерістер енгізілді

Зейнетақы жинағы Сурет: Zakon.kz
Жаңа өзгеріске сәйкес, бұл арада тағы екі мүмкіндік пайда болды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның Telegram-арнасында жарияланған хабарламада айтылғандай, енді мынандай мүмкіндіктер пайда болды:

  • тұрғын үй сатып алу мақсатында одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымды толықтыру. Бұл ретте үш жыл ішінде тұрғын үй заемын рәсімдеу қажет.

  • жеке үй салу үшін жер учаскесін сатып алу немесе өзінің жер учаскесінде жеке үй салу.

Бұл ретте тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы салымды кепіл ретінде беруге болмайды.

Бұған дейін хабарланғандай, 2022 жылдан бастап БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын шешіп алу үшін белгіленген ең төменгі жеткілікті шек ұлғайтылады.

Қоғамдық резонанстан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің нормативтен тыс жинақтарын пайдалануға үлгермеген азаматтарды қолдау мақсатында бұрынғы жеткілікті шек көлемін қолданылу мерзімін 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартуды тапсырды.

Басты Топ LIVE Бәрі
bellz
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз