Жаңалықтар тізбегі
0

Түрмеде отырған WikiLeaks-тің негізін қалаушы Джулиан Ассанж инсульт алды

инсульт, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2021 11:49 Сурет: Тwitter/katyasmersh
27 қазанда Лондонның Жоғарғы Сотында видео байланыс арқылы сөз сөйлеу кезінде Ассанждың жүрегі ұстап қалған

2019 жылы Лондонның Белмарш түрмесіне тоғытылған WikiLeaks ұйымының негізін қалаушы Джулиан Ассанж инсульт алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы жексенбіде Daily Mail оның қалыңдығы Стелла Морриске сілтеме жасап хабарлады, делінген ТАСС ақпаратында.

27 қазанда Лондонның Жоғарғы Сотында видео байланыс арқылы сөз сөйлеу кезінде Ассанждың жүрегі ұстап қалған. Морристің айтуынша, инсульт АҚШ тарапанынан қозғалған сот процестерінің үздіксіз жалғасуы және денсаулықтың жалпы нашарлауынан туындаған стресстен болған. Осының барлығы Ассанждың жағдайына кері әсер етті: оның оң қабағы салбырап, есте сақтау проблемалары туындап, неврологиялық белгілер де білінген. Ассанж миын МРТ-ға түсірді, енді ол инсультқа қарсы дәрі қабылдайды.

Басылымның хабарлауынша, Ұлыбритания Әділет министрлігі бұл жайтқа қатысты түсініктеме беруден бас тартты.

Айта кетсек, жұма күні Англия мен Уэльстің апелляциялық соты АҚШ Әділет департаментінің WikiLeaks негізін қалаушы Джулиан Ассанжды АҚШ-қа экстрадициялау туралы шағымын қолдады. Енді іс бірінші сатыдағы сотқа - бұрын 50 жастағы австралиялықты өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін деген қауіппен АҚШ-қа экстрадициялауға болмайды деп шешім шығарған Вестминстер магистратура сотына қайтарылады. Сондай-ақ, құжатта WikiLeaks-тің негізін қалаушы қамауда болуы керек деп көрсетілген.

Ассанждың қалыңдығы Стелла Моррис сот шешіміне қарсы шығып, оны "қауіпті және негізсіз", сондай-ақ "өрескел сот қателігі" деп атады.

Ұлыбритания астанасындағы Эквадордың елшілігі журналиске жеті жыл бойы берген саяси баспананы беруден бас тартқаннан кейін Ассанж ұсталып, Белмарш түрмесіне 2019 жылдың сәуірінде қамалды. Қаңтарда Вестминстер магистратура соты Ассанжды АҚШ-қа беруден бас тартты, онда оған қарсы 18 қылмыстық іске байланысты айып тағылды, бірақ сонымен бірге ол америкалық прокуратураның апелляциясын қарау кезінде журналисті кепілмен босатпады.

Америка Құрама Штаттарында WikiLeaks-тың негізін қалаушыға Америка тарихындағы ең үлкен құпия ақпаратты ашу оқиғасына байланысты қылмыстар бойынша айып тағылған. Айыптаулардың жиынтығы бойынша Ассанж 175 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: