Маңғыстауда 4 сынып оқушысы ұтып алған 1 млн теңгесін мектебіне тарту етті

Әлеуметтік жоба Сурет: Өңірлік қоғамдық коммуникация орталығы
Төртінші сынып оқушысының әрекеті ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімованы қуантты, бірақ ол оған ақшаны кері қайтарып беру керек деп есептейді

Сайөтес ауылындағы орта мектептің 4 сынып оқушысы Азамат Тоқсанбай республикалық әлеуметтік жобалар байқауына қатысты. Бала математика сабағында пайдаланатын ағаштан жылдам есептегіш ойын құралын жасап, 1 миллион теңге ұтып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Лада" басылымы мәліметінше, оқушы ұтып алған ақшаға өз мектебіне интерактивті тақта сатып алу туралы шешім қабылдапты. Сонымен қатар ол оқу орнына жаңа гүл құмыраларын сыйлады.

Жас өнертапқыш төрт жасынан бастап сандарды есептеуді ұнатады. Алғашқы жылдам есептегішті ол қашықтықтан оқыту кезінде түрлі-түсті қағаздан жасаған. Кейін ол атасының қатысуымен бұл құрылғыны ағаштан қайта жасап шықты.

Оқушының айтуынша, ол жасаған құрылғыны математика пәнінде 1-сынып оқушылары қызығушылықпен қолдана алады.

Азамат болашақта өз жабдығын сатуды және балаларға көмектесуді армандайды.

Төртінші сынып оқушысының әрекеті ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімованы қуантты, бірақ ол оған ақшаны кері қайтарып беру керек деп есептейді.

Өзінің білімі мен күш-жігерінің арқасында ол 1 миллион теңге ұтып алды. Дарынды балалардың әлеуетін көтеру және талантын ашу өте маңызды. Оқушы ұтып алған сыйақыны өз мектебіне интерактивті тақта сатып алуға жұмсауға ниет білдіргені оның жүрегі мейірімді екенін, басқа да жағымды қасиеттері барын білдіреді. Бұл ретте, интерактивті тақтаны республикалық конкурста жеңіске жеткен оқушы емес, жергілікті атқарушы орган сатып алуы тиіс деп санаймын. ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова

Ол мектептерді заңды түрде қаржыландыру әкімдіктердің қарауында екенін және жергілікті атқарушы органдар қажетті жабдықтарды сатып алу үшін бюджеттен қаражат бөлетінін нақтылады.

Маңғыстау облысының білім басқармасына зияткерлік конкурста жеңіске жетіп, алынған ақшаны мектеп оқушысына қайтарып, жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен қажетті құрал-жабдықты мектепке сатып алу ұсынылды. ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз