Жаңалықтар тізбегі
0

KGIR 2021: «Шеврон» Қазақстандағы алғашқы шетелдік инвесторлардың бірі

Chevron төрағасы және бас атқарушы директоры, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2021 16:20 Сурет: «Kazakh Invest» ҰК» АҚ
«Шеврон» Қазақстандағы алғашқы шетелдік инвесторлардың бірі болды және біздің әріптестігіміз сенім мен ашықтыққа негізделді. Олар біздің серіктестік қарым-қатынасымыздың дамуына негіз болды.

Мұндай пікірді Chevron төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Вирт «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырған жаһандық инвестициялар бойынша жыл сайынғы төртінші дөңгелек үстел (KGIR-2021) барысында айтты.

Қазақстан 30 жыл бұрын тәуелсіз мемлекет болған кезде ел басшылығы прогрессивті болашақты болжады. Сол сәттен бастап нарықтық экономика құру және инвесторлар мен бизнесті тарту үшін шетелдік инвестицияларды, сондай-ақ жаңа технологиялар мен жаңа идеяларды тарту үшін негіз жасалды. «Шеврон» мен Қазақстан арасындағы серіктестіктің тамаша үлгісі «Теңізшевройл» болып табылады.Майкл Вирт

Chevron – қолжетімді және таза энергия өндіретін ірі компаниялардың бірі болып табылатынын, сондай-ақ елдің экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратынын атап өткен жөн.

Chevron басшысының айтуынша, 1993 жылдан бастап «Теңізшевройл» компаниясының қазақстандық ұйымдар мен кәсіпорындарға тікелей қаржылық төлемдері, соның ішінде қазақстандық қызметкерлерге жалақы төлеу, қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алу, сондай-ақ салық төлеу 158 млрд.астам АҚШ долларын құрады.

Біз сондай-ақ әріптестерімізбен экономикалық өсуге және елдің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосу үшін тығыз жұмыс істедік. Біздің жұмысымыз серіктестік күшінің арқасында қандай жетістіктерге қол жеткізе алатынымызды көрсетті. Мен соңғы үш онжылдықта біздің бірлескен жетістіктерімізді мақтан тұтамын және әдемі болашақты құруды жалғастыратынымызға сенімдімін.Майкл Вирт
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: