Жаңалықтар тізбегі
0

«Бөрте» қойылымын ұтып алған компания театрға 493 мың 500 теңге айыппұл төлейді

"Бөрте" қойылымы  , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2021 15:44 Сурет: pixabay
Спектакльдің өзі 246 млн 750 мың теңгеге бағаланған

246 млн 750 мың теңге жұмсалған «Бөрте» спектаклінің өткізу-ұйымдастыру шараларына жауапты компания Түркістан музыкалық театрының пайдасына 493 мың 500 теңге көлемінде айыппұл төлейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ulysmedia.kz ақпарат порталының мәліметінше, мемлекеттік сатып алу сайтындағы Түркістан музыкалық драма театрының «Бөрте» спектаклін өткізуіне қатысты мемсатып алу шартының мәтініне өзгеріс енгізілді.

Онда «Шарттың талаптарына сәйкес, өнім беруші тапсырыс берушінің пайдасына 493500 теңге көлемінде тұрақсыздық айыбын төлейді», деп жазылған.

Ал өнім беруші ретінде «A-Event KZ» ЖШС шарт талаптарын толық орындамаған болса керек.

«A-Event KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры әрі құрылтайшысы – Жұмажан Қалтаев. Бұл компания 2016 жылдан бері 40 мемлекеттік сатып алуға қатысып, 39 рет тікелей бір көзден алып келген.

Еске сала кетейік, «Бөрте» қойылымының бюджетіне қатысты қоғамда түрлі пікір айтылды. Олардың кейбірі Түркістан облысының ең кедей әрі балалар суициді бойынша алдыңғы орындағы өңір екендігін алға тартып, 246 млн теңгені бір спектакльге бөлуді орынсыз ысырап деп санайды. Қойылымның бас қаладағы гастрольдік сапары үшін 32 млн теңгеден астам қаржы жұмсалғанын бұған дейін хабарлаған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: