Ресей мен Қытай тәуелсіз қаржы құрылымын құруға келісті
Сурет: РФ президентінің баспасөз қызметі
Ресей президенті Владимир Путин мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Ресей-Қытай сауда операциялары үшін тәуелсіз құрылым құру жайын талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz
Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
Көшбасшылар арадағы сауда-саттықта рубль мен юань үлесін арттыру жайын қозғады.
Президент те, төраға да арадағы өзара есеп айырысуларда ұлттық валюталардың үлесін арттыруды, ресейлік және қытайлық инвесторлардың бір-бірінің қор нарықтарын емін-еркін қолдануын қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастықты кеңейтуді жақтады. РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков
Ушаков, идеяға сәйкес, ойластырылған бұл жүйе басқа елдер оған әсер ете алмайтындай болуы керек деп түсіндірді. Сонымен қатар ол Мәскеу мен Бейжің аталған мәселені қазірдің өзінде талқылап жатқанын атап өтті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript