Бүлдіршіндерге құрттаған ботқа берілген – Түркістан облысы

Балабақша тамағы Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысында бүлдіршіндерге құрттаған ботқа берілген. Темірлан ауылындағы «Балбөбек» балабақшасында ас мәзірі мен беріліп жатқан тамақ мүлдем сәйкес келмейді, деп хабарлайды Zakon.kz

Жазуына дейін оңып кеткен «Балбөбек» балабақшасында былтырдан бері береке жоқ. Бір жыл бұрын меңгерушісі жұмыстан босаған соң ұжымда жанжал көбейген. Үнемі «қаржы жетіспейді» деген басшылар мен есепші зейнетақы мен сақтандыру қорына деп ұсталған ақшаны бермейтінді шығарыпты. Тіпті «қарыздың орнын толтырамыз» деген желеумен әрқайсының жалақысынан 5 мың ұстайды екен, делінген КТК жаңалығында.  

Бес-алты ай зейнетақымыз құйылмай қалды. Биыл зейнетақы екі ай құйылмады, қазан, қараша. Оны кешіктіріп құям дейді. Қаржы жағынан жетіспейді дейді. Негізі біздің бүкіл қаржыны аудандық білім бөлімі тағайындайды, солар есептейді. Балабақша қызметкері Салтанат Жұмабекова

«Тиісті ақшамызды ала алмай жүрміз» деген қызметкерлер ашумен бар былықты жайып салды. Бахил орнына аяғымызға пакет кигізіп ғимаратқа кіргізген олар ойыншықтардың түрін көрсетті. Мұндағы бүлдіршіндер ойыншық деуге аузың бармайтын заттармен ойнауға мәжбүр.

– Салфетка боп кеткен ғой мынау, шынымен.  Ойнайды балалар. Ойыншық сұрасақ, өздерің ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста болып, дұрыс сөйлессеңдер, ата-аналар әкеп береді, – дейді.

Қызметкерлер бұл балабақшадағы көрсетілген ас мәзірі мен берілетін тағамдар екі түрлі екенін айтады. "Көбіне еті жоқ тамақ, қатқан тәтті нан беріледі", - дейді. Тіпті бөбектерге берілген арзан ботқадан құрт шыққан да кездер болыпты. Балалардың ұйықтап жатқан бөлмесі тазалық талаптарына сай емес.

«Балбөбек» балабақшасындағы жатын бөлменің жағдайы  осындай. Қабырғасы қақырап өрмекшінің торындай сызаттарға толы. Жарықтардың үгіндісі балалардың бетіне түсе берген соң әрі сызаттан суық ұрған соң, тәрбиешілер кереуеттерді амалсыз жарты метрге жылжытуға мәжбүр болыпты.

«Тәрбиешілер шулады» деген соң дереу жеткен білім бөлімінің басшылығы  балабақша ұжымы жоғарыдан берілген қаржыны өзі игеруі тиіс дейді. Бірақ ұжым ішіндегі алауыздықтың салдарынан «Балбөбекке» бала аз келеді» деген басшылық бұл мекемеге бір жылдан бері меңгеруші табылмай жатқанын айтады. Ал зейнетақы қорына түспеген жарнаны тауып беруге уәде береді.

Зейнетақыдағы қаржысын мен ертеңгі қаңтар айының 10-на дейін түсіріп беремін. Ал кешегі өздерінің 16-17 жылдардағы қаржыларын мен түсіріп берем деп айта алмаймын. Өйткені ол кезде бұл кісілер жергілікті әкімдікке қараған. Бұл кісілердің ұжымдағы ахуалы төмен боп жатыр. Одан кейін біз сырттан адам әкелдік. Мүмкін осыдан кейін дұрысталатын шығар деп. Ордабасы ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Шұға Нұрабаева

Шенеуніктің сөзінше, ұжымдағы түйткілді біржола шешу үшін балабақшаға уақытша басшы емес, есеп білетін меңгеруші керек. Бірақ мәселесі көп ұжымға ешкімнің келгісі келмейтінін айтады. Сондықтан «Балбөбектің» мәселесі жуық арада шешілмейтін сияқты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз