Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда атқамінерлер қос баласынан айырылған ерлі-зайыптыларды сенделтіп қойды

Баспана, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2021 23:00 Сурет: видеодан алынды
Таразда жалдамалы үйінен өрт шығып, екі баласынан бірдей айырылған ерлі-зайыпты әкімдіктің жарияға жар салып тұрып берген баспанасын өз атына рәсімдей алмай жүр, деп хабарлайды Zakon.kz

Әкімдіктегілер кезінде отағасының жанып кеткен құжаттарын да қайта жасап беруге уәде беріпті. Ол да сол күйі орындалмаған. Енді жергілікті билік бұл баспана о баста уақытша берілген деп ат-тонын ала қашып отыр, делінеді КТК жаңалығында.

Айта кетсек, ерлі-зайыпты Ринат пен Айжанның жалдап тұрып жатқан үйінен былтыр өрт шығып үш жарым және екіден енді асқан екі баласы тұншығып өлген. Қоғамды дүр сілкіндерген оқиғадан кейін қала әкімдігі қара жамылған отбасыға бір бөлмелі пәтердің кілтін табыстапты. Тіпті осы баспана басы бүтін сіздерге беріледі деп айтқан. Бірақ биыл бұл сөзінен айнып қалған сияқты.

Басында Садубаевтың өзі келді, кілт берді. «Бұл үйден сіздерді ешкім шығармайды, осы жерде тұрасыңдар, кейін үйді өз аттарыңа өткізіп береміз», - деді. Кілтті берді, суретке түсірді, кейін бұл үйдің қожайыны болып шықты. Тараз қаласының тұрғыны Ринат Сұлтанов

Ринат атқамінерлердің көзбояушылық жасағанын енді түсіндім дейді. Ол былтырдан бері әкімдіктің табалдырыған тоздырумен жүр. Бірде-бір шенді шаруасын шешіп беруге құлық танытпаған. Билікке қатты өкпелі азамат пәтердің иесі басқа екенін өзі анықтапты. Енді ол «үйді босат» десе, қайда барамын деп уайымдап отыр.

Үйдің қожайыны қарап отырмайды ғой. Бір күні осы үйдің қожайыны шығыңдар дейді. Ол балалар үйінен шыққан, бұл үйді соған берді ғой. Тараз қаласының тұрғыны Ринат Сұлтанов

Жеті жыл бұрын Өзбекстаннан қоныс аударған азамат былтырға дейін ықтияр хатпен жүрген. Оның бүкіл құжатын тілсіз жау күлге айналдырған. Әкімдік оған азаматтық әпереміз деп те уәде етіпті. Алайда ол да аяқсыз қалған.

"Жәрдемақы бер" деп осы күнге дейін айтқан емеспін. Тек күйеуімнің құжатын дұрыстап берсе, өз күнімізді өзіміз көреміз. Сол үшін бір жылдан бері наразы болып жүрміз. Тараз қаласының тұрғыны Айжан Орынбаева

29 жастағы әйел «біздің мұңымызды ешкім тыңдамайды» деп күйінеді. Ал жергілікті билік қара жамылған отбасыға пәтер уақытша берілген деді.  Ешбір санатқа жатпайтын ерлі-зайыптыға баспана беру заңға томпақ екен. Ал сол кезде неліктен өтірік уәде берілді деген сауалға ешкім жауап бере алмады.

Асхат Есеналиев, Тараз қаласы әкімінің орынбасары:

- Кім не айтқанын білмеймін. Мен болатын нәрсені болады, болмайтын нәрсені болмайды деп айтамын.

- Садубаев уәде берді ғой.

- Енді мен Садубаев үшін жауап бермеймін ғой.

- Ол жерден сіздерді кім қуып жатыр?

Билікке алданып қалғанын енді түсінген ерлі-зайыпты бел кеткенше беріспеуге бел буған. Олар енді Нұр-Сұлтан қаласына барып Президенттен көмек сұрамақ. Былтыр қазан айында үйден өрт шығып, екі бүлдіршін ысқа тұншығып ажал құшқан. Үйдің үлкен 8 жастағы қызы мектепте болып аман қалған. Ал 29 жастағы келіншек сол қаралы күннен бес ай өткен соң ұлды болған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: