Алматыда «Медеу» визит-орталығы ашылды

Алматы, Іле-Алатау, визит-орталық Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін экотуризмді дамыту шаралары аясында құрылған жаңа туристік нысан таныстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Визит-орталықтағы Visit Almaty ақпараттық бағанасынан «Іле-Алатау» ұлттық паркі туралы барлық қажетті ақпаратты алуға болады, сондай-ақ консультанттар жұмыс істейді. Мұнда туристік бағыттар, соқпақтар туралы деректер, ұлттық парк аумағындағы объектілердің байланыстары қауіпсіз және жайлы туризмге арналған қажетті жабдықтар ұсынылады.

Жеке инвестор жүзеге асырған жоба – қоғамдық тамақтандыру пункті, туристік құрал-жабдықтар дүкені және қоғамдық ваннасы бар туристік ақпараттық орталық.

«Медеу» БСК визит-орталығы жалпы алаңы 208 шаршы метр болатын аумақта орналасқан, инвестиция көлемі – 100 млн теңге, 50 жұмыс орны құрылған.

Тауларда қауіпсіз және жайлы болуды қамтамасыз ету мақсатында Тұйық-су шатқалында тікұшақ алаңы салынып жатыр. Бұдан басқа, спутниктік байланысы және SOS дабыл түймелері бар таулы маршруттардың шалғай тораптық учаскелерінде 15 тау құтқару саятшалары орнатылды.

2 арнайы бақылау-құтқару пункті дайындалды, олар таулы жерлерде орналасқан, мұнда 16 адамнан тұратын құтқарушылар тәулік бойы кезекшілік жасайды. Кимасар шатқалында дабыл түймелерін бақылау жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылды.

Бүгінде таулы жерлерде 1000 шақырымнан астам жаяу жүру маршруттары цифрландырылды, олардың 500 шақырымы абаттандырылды. Олардың барлығы 2GIS және ViewRanger платформаларында бар. Бұл маршруттарда QR-кодтары бар стендтерді қоса алғанда, барлық қажетті ақпараттық деректер орнатылған, онда туристер маршруттың күрделілігімен, оның ұзақтығымен және өту уақытымен таныса алады.

Бұдан басқа, Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарында 2021 жылдың соңына дейін жалпы ұзындығы 179 км болатын тау маршруттарын абаттандыруды аяқтау жоспарлануда, сондай-ақ Горельник, Просвещенец, Қызылсай, Казачка және «Лунная» алаңқайында 6 кемпинг-аймақ құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз