Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының Индустриалды аймағында ең ірі өнеркәсіптік нысан іске қосылды

Өнеркәсіптік нысан, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2021 11:04 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев үлкен диаметрлі болат дәнекерленген құбырлар шығаратын зауытты іске қосу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмысшылар мен зауыт басшылығын келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтай келе, Индустриалды аймақтың жұмыс қағидаттары өзгергенін еске салды. Жобаларды іске асыруды құрамына кәсіпкерлер мен салалық одақтардың басшылары кіретін қаланың Іскерлік кеңесі іріктеп, бекітеді.

Өнеркәсіптік нысан, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2021 11:04

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Осындай тәсілдеменің арқасында біз тоқтап тұрған жобаларды жоққа шығардық және перспективалы өндірістерді іске асыруға мүмкіндік бердік. Ең ірі зауыттардың бірінің іске қосылуы жаңа жұмыс орындарын ашуға және қала экономикасын нығайтуға мүмкіндік берді.Б. Сағынтаев

Зауыт ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2021 11:04

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Диаметрі 355 мм-ден 1420 мм-ге дейінгі болат дәнекерленген құбырларды өндіру жобасын «Asia Steel Pipe Corporation» ЖШС жүзеге асырды.

Өнім мұнай, газ, су және мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған. Сонымен қатар, құбырларды тау-кен, құрылыс, химия өнеркәсібі, энергетика салаларында пайдалануға болады. Сондай-ақ, кәсіпорында коррозияға қарсы жабындар өндірісі жолға қойылған.

Өнеркәсіптік нысан, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2021 11:04

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жобаның құны – 33 млрд теңге. Зауытта 304 тұрақты жұмыс орны құрылды. Жобалық қуаттылығы – жылына 100 мың тонна құбыр өнімі. Жобаны жүзеге асыру үшін Алматы Индустриалды аймағында 18,2 га жер телімі бөлінді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: