Жапонияда өрт салдарынан 19 адам қаза тапты

Жапония, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2021 15:18 Сурет: Zakon.kz
Дәрігерлер Осака қаласында болған өрт салдарынан 19 адамның қаза тапқанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz

Kyodo  агенттігі 17 желтоқсанда Осака қаласындағы емхананың төртінші қабатынан өрт шыққанын жазды. Алдын ала мәліметтер бойынша, клиникадан бір сәтте өрт шығып, ондағы қызметкерлер мен науқастар түгелдей шығып үлгермеген.  

Бұның алдында жүрек және өкпе ұстамасы ұстауы мүмкін 28 зардап шегуші туралы айтылған.

Полиция бұл қасақана жасалған өрт болуы мүмкін деген нұсқаны қарастырып жатыр. Себебі өрттің алдында оқиға орнында шамамен 60 жастағы қарт адам сөмкеден біраз сұйықтықты жерге төгіп алған соң өрт шыққан. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері бұл адамның зардап шеккендердің арасында бар-жоғын тексеріп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: