Жаңалықтар тізбегі
0

Америкалық дипломаттар Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

АҚШ дипломаттары, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2021 17:53 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның стратегиялық серіктесі, негізгі әрі ірі инвесторларының бірі болып саналатын АҚШ-тың дипломаттары елімізді Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz

Пандемияға дейінгі жыл қорытындысы бойынша АҚШ-тан Қазақстанға тартылған тікелей инвестиция көлемі 36 миллиардтан асып жығылады. Екі ел арасындағы 30 жылға жуықтаған дипломатиялық, экономикалық және инвестициялық қарым-қатынас қарқын алып келеді. Америкалық дипломаттар қазақ елін қастерлі мерекесімен құттықтап, қос елдің серіктестігі, алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді, делінген Хабар24 ақпаратында.

1991 жылдың желтоқсан айында АҚШ-тың сол кездегі Президенті Буш Қазақстанның тәуелсіздігін, тұтастығын мойындайтынын мәлімдеді. Сол кезден Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас басталды. Өзім де Қазақстанда америка елшісі ретінде жұмыс істеп, сол тығыз қарым-қатынасты одан әрі дамытуға үлес қосқанымды мақтан тұтамын. Мен бірнеше жыл Қазақстанда тұрдым. Бұл елді отбасыммен жақсы көріп кеттік. Тіпті жұрт айтып қорқытатын суық ауа райы да кедергі болмады. Қайта мен суықты ұнатамын және сол кезде Қазақстандағы ауа температурасы -29 градус дегенде тіпті қуанып та кеттім. АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Уильям Мозер
Осы Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығы да аталып өтуде.  Екі ел 30 жыл бойы бірге жұмыс істеп, бір-біріне қолдау көрсетіп келді. Мысалы, жақында ғана Қазақстанның Ауған жеріндегі жағдайды тұрақтандыруға қосқан үлесі мен гуманитарлық  көмегін ерекше атап өткім келеді. Бұл екі елдің бір бағытта, ортақ мақсатта жұмыс істеп жатқандығын көрсетеді. Осы орайда бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Лиза Кёртис
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: