Ұлытаудан қасапшы келіншек шықты

Қасапшы әйел Ақерке Сурет: instagram/usenova_akerke
Ұлытау ауданындағы Сарысу ауылының келіні Ақерке Үсенова бүгінде қасапшылықпен айналысып, "қасапшы келіншек" атанып жүр, деп хабарлайды Zakon.kz

Ақеркенің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бұл істі екі жыл бұрын қолға алғанын баяндады. Айтуынша, екі жыл бұрын жақындарының үлгермей жатқанын көріп, аяқ астынан сиыр сойып, қасапшы келіншекке айналыпты.

Жұрттар бірінші лақ сойып үйреніп, сиыр союшы еді, мен сиыр сойып, лақты енді үйрендім. Сиыр терісін сыпыруға 40 минут уақытым кеткен, лақ 6 секунд ғой. Қолды терінің ішіне тығып жіберіп алып қалсаң, лақ дайын!Қасапшы келіншек Ақерке Үсенова

Алайда желі пайдаланушылар Ақеркенің бұл кәсібіне қарсылық танытты. Олардың уәжі – қазақта малды әйел адам бауыздамайды деген наным. Бұл сынға қасапшы келіншек былай жауап берді:

Малды қайын атам бауыздап береді. Ол кісі болмаса, көшеден ер балаларды шақырып аламын. Маған бауыздап берсе болды, ары қарай терісін сылып, етті өзім бұзамын. Қасапшы келіншек Ақерке Үсенова

27 жастағы ол мал шаруашылығынан бөлек, бала тәрбиесі мен келіндік міндетін ойдағыдай атқарып, сыйлы келін атанып жүр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз