Жерар Депардьенің әріптесін зорлағаны рас па
Сурет: instagram/_depardieu
Канадалық актриса Шарлотта Арнольд қазақы көрерменге етене таныс француз актері Жерар Депардьені өзін зорлады деп айыптады, деп хабарлайды Zakon.kz
Brytfmonline сайты таратқан мәліметке сүйенсек, Шарлотта бұл оқиғаны бұған дейін жасырып келген. Актриса зорлау фактісі осыдан үш жыл бұрын болғанын мәлімдеді.
Жерар Депардье мені 2018 жылдың тамызында зорлады. Оған айып тағылғалы дәл бір жыл өтті. Мен енді үндемей отыра алмаймын.Канадалық актриса Шарлотта Арнольд
Белгілі болғандай, Депардьеге "зорлау және жыныстық зорлық жасады" деген айып тағылған. Бұл іс бойынша тергеу жүргізілді. Бірақ құқық қорғаушылар қылмыс дерегін таппаған соң, іс 2019 жылдың маусымында жабылған. Бұған шыдамаған Шарлотта Арнольд сотқа апелляциялық шағым түсірді.
Ал Жерар Депардье өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript