Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР ИИДМ басшысы Румыния Парламентінің бір топ депутатымен кездесті

Румыния, Қазақстан, Румыния парламенті, ҚР ИИДМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2021 16:29 Сурет: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов сенатор Кристиан-Аугустин Никулеску-Цыгырлаш бастаған Румыния Парламенті депутаттарын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz

Министр Румыния парламентшілерін экспорттық және импорттық операциялар кезіндегі көлік және логистика, өнеркәсіп және машина жасау салаларындағы ынтымақтастық перспективаларымен, сондай-ақ инвесторларға ұсынылатын мүмкіндіктермен таныстырды. Кездесуге қатысушылар сондай-ақ тікелей жүк және жолаушылар әуе бағыттарын ашу жайын талқылады. 

Румыния парламенті, ҚР ИИДМ, келіссөз, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2021 16:29

Сурет: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Келіссөз соңында тараптар сындарлы диалог үшін ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан мен Румыния арасындағы қарым-қатынасты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

2021 жылдың 10 айында Қазақстан мен Румыния арасындағы тауар айналымы 39% артып, 1,4 млрд АҚШ долларына жетті (2020 жылдың бұл  кезеңінде 1,1 млрд АҚШ доллары болған).

Қазақстанда Румын капиталының қатысумен 24 компания тіркелген. Румынияда қазақстандық капиталдың қатысуымен 17 заңды тұлға жұмыс істейді.         Румыниядан Қазақстан экономикасына салынған инвестиция – 1,57 млрд АҚШ доллары (2005 жылдан 2020 жылға дейін).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: