Жаңалықтар тізбегі
0

Сенатта өлім жазасын толықтай жою мәселесі талқыланды

Сенат, заң  жобасы, өлім жазасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2021 17:25 Сурет: ҚР Парламент сенатының баспасөз қызметі
Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz

Биылғы 16 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Қазақстанда өлім жазасын толығымен алып тастау керектігін айтқан болатын. Осыған байланысты заң жобасында өлім жазасы түріндегі жазаны алып тастау жөнінде түзетулер көзделіп отыр.

Өлім жазасы, заң жобасы, сенат, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2021 17:25

Сурет: ҚР Парламент сенатының баспасөз қызметі

Құжат Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің Екінші Факультативтік хаттамасына сәйкес әзірленді. Енді еліміздің заңнамасындағы өлім жазасы түріндегі, оның ішінде соғыс уақытында жасалған әскери сипаттағы аса ауыр қылмыстарға жазаны толықтай алып тастау ұсынылды.

Сенаторлар комитет отырысы барысында елімізде өлім жазасының толық жойылуы – адам құқықтарын қамтамасыз етуге және конституциялық ең жоғары құндылық – өмір сүру құқығына кепілдік беруге ықпал ететінін атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: