Мамандар елімізде қызтекелердің көбеюіне әйелдерді кінәлайды

Отбасылық мәселе Сурет: pixabay
"Әйелдердің үйдегі және тыстағы бар жауапкершілікті өзіне алуы бала тәрбиесі үшін өте үлкен қателік", - дейді мамандар, деп хабарлайды Zakon.kz

Психологтардың пайымынша, ер азаматтардың бұл жолға түсуіне әйелдердің өзіне тым сенімділігі себеп, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Өзін Сая деп таныстырған жігіт, камераға түскісі келмейтінін ашық айтты. Бірақ проблемасымен бөлісуге қарсы емес. Оның айтуынша, бұл жолға келуге үйдегі психологиялық қысым әсер еткен. Туған әкесі ес білгелі күнде ұратынын айтады. Сондағысы "нағыз еркек болсын" деп төмпештейтінін көрінеді. Сол үшін оның аузынан шыққан осы сөзді жек көре бастапты. Кейін мектепте де ұлдар арасындағы төбелес, менің өмірлік ұстаныма әсер етті деп отыр. Осылайша "нағыз еркек" болудан Сая бас тартқан.

Әкемнен қорлық көрдім. Әкем алқаш. Мені ешқайда жұмысқа алмайды. Содан осындай нәрсеге шығуыма тура келді. Еркек болса деп қақ төбемнен ұра беретін. Қайдан еркек болам мен? Шешем қансырап таяқ жесе, көзімше. Қалай еркек болам? Мектепке барсам балалар ұрады. Сая

Сая бұл шешіміне еш өкінбейтінін айтады. Өйткені қазір ақша табудың көзіне айналдырыпты.

Андролог дәрігер соңғы 2-3 жылда жынысын ауыстыруға қызығатындар көбейгенін мойындайды. Осы тұрғыда кеңес сұрап келетіндер көбейген. Маманның айтуынша, егер ер балада эстероген гармоны көбейсе, олар гендерлік өзгеріске ұшырайды. Ал мұны дәрігер емдеуге болады дейді. Ол үшін жетіліп келе жатқан жеткіншектің қылығына ата-ана зер салып отыруға кеңес береді.

Телефон арқылы жынысын ауыстырғысы келіп жүргендерін айтып жатыр. Көбінесе ватсапқа жазады. Қандай да бір өзгерістер болса, тезірек тексерткен дұрыс. Дәрігер-андролог Ернұр Исабекұлы

Сарапшылар отбасында анасы баласының көзінше әкесін жоғары бағалап, құрмет көрсеткені абзал. Сонда ғана ер бала әкеге еліктейді. Оған қоса, әйелдердің үйдегі және тыстағы бар жауапкершілікті өзіне алуы да бала тәрбиесі үшін өте үлкен қателік дейді.

Қыз келіншектеріміз өз-өзіне тым сенімді. Үйде ер адам рөлі төмендеп қалды. Көбінесе қыздардың қателігі. Солай балалар зардап шегіп отыр. Өйткені әкенің рөлін азайтып тастадық. Психолог Жаңагүл Тұрманова

Тағы бір себеп, танымалдыққа тез жету. Әлеуметтік желіде ашық жарияланып жатқан қызтекелерді көріп, осылай танымал болсам деген теріс ойлар да қалыптасатын көрінеді.

Кез келген адам, жалпы қоғамдық санадағы бір ерекшелік ол теледидар, әлеуметтік желідегі неғұрлым көп жарыққа шыққан дүние үлгі деп есептелінеді. Әлеуметтанушы Рамазан Саттарұлы

Мамандардың қай қайсысы болса да, мұндай жағдайлар ең алдымен отбасында қалыптасады деген ой түйді. Сондықтан бесіктен белі шықпағандардың тәрбиесі ата-ана тарапынан үнемі қадағалауда болуы тиіс. Шыны керек ошақ басындағы тәрбие бүгінде ақсап тұр. Ер адамның рөлінен бөлек толық емес отбасылар да көбейіп кеткен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз