Боксшы Қанат Ислам жазаланды
Сурет: instagram/islamkanatqazaq
Бүкіләлемдік бокс ұйымы орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламды жазалады, деп хабарлайды Zakon.kz
Sports.kz сайтының мәлімдеуінше, Бүкіләлемдік бокс ұйымы қазақстандық боксшыны WBO International белдігінен айырды. Қанат Ислам екінші дәрежелі бұл белдікті 2019 жылы намибиялық Уолтер Каутандокваны жеңген сәтте иеленген болатын.
WBO-ның екінші дәрежелі белдікті тартып алуына Қанаттың ұзақ уақыт бойы белдікті қорғамағаны себеп болуы мүмкін. Боксшы соңғы жекпе-жекте жарақат алғандықтан, біраз уақыт кездесулерден сырт қалған еді.
Қанат Исламның ендігі жекпе-жегі 2022 жылдың 21 қаңтар күні Флоридада өтеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript