Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық валюта бағамы нығаюы мүмкін – Рамазан Досов

Теңге Доллар валюта , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2021 17:22 Сурет: zakon.kz
Келер жылы доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қанша болуы мүмкін, оның импорттық тауарларға әсері қандай болмақ? Zakon.kz тілшісі Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының аналитигі Рамазан Досовпен осы сұрақтар төңірегінде сұхбаттасқан еді.

Қазақстанның валюта нарығында сыртқы әсерлерге байланысты шетел валютасына сұраныс бәсеңдей қойған жоқ. Тіпті осы айда биржалық валюталық сауда-саттықта жыл басынан бергі мәмілелердің ең жоғары көлемі (бір доллар үшін 436 теңгеге әлсіреді ) тіркелді.

  • Сонымен келер жылға қандай болжам бар, доллар мен теңге айырбас құны нешеге барып жығылады?

ҚҚҚ сарапшысы Рамазан Досов: Осы жылдың желтоқсан айының басында қаржы нарығы сарапшылары арасында сауалнама жүргізген едік. ҚҚҚ-ның сауалнамасы нәтижесінде АҚШ доллары 2022 жылы 445,9 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін, бұл ағымдағы деңгейден 2,6%–ға (434,7₸/$) қымбаттауы мүмкін екені айтылды. Естеріңізге сала кетейік, қараша айында бағам бойынша орташа болжам бір жылдан кейін 434,2 теңгені құрады. Ал бір ай бұрын сарапшылар ұлттық валюта бағамы бір жылдан кейін бір доллар үшін 434,2 теңгені құрайды деп болжаған еді. Ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты бағамы әртүрлі факторларға байланысты. Олардың ең бастысы — коронавирустық пандемия кесірінен жағдайдың нашарлау қаупі, сондай-ақ АҚШ, Ресей және Қытай арасындағы геосаяси шиеленіс. Егер "омикрон" жаңа штамы әлемдік экономикадағы елеулі шектеулерге алып келмесе және Ресей Федерациясына қарсы санкцияларға қатысты тәуекелдер төмендесе, онда ұлттық валюта бағамының нығаю ықтималдығы артады.

  • Теңгені «еркін жүзуге» жібергендіктен, сұраныс факторларына  байланысты ақша бағамы кез-келген бағытта өзгеруі мүмкін дейсіз ғой. Осы тұрғыда инфляцияны төмендету шаралары қалай болмақ?

ҚҚҚ сарапшысы Рамазан Досов: 2022 жылдың бірінші тоқсанында Ұлттық банктің ноталары сияқты теңгелік қаржы құралдарына сұраныс қайтадан өсуі мүмкін. Бұл жаһандық конъюнктураның өзгеруіне байланысты ұлттық валютаның шамадан тыс әлсіреуінен кейін бірнеше рет орын алды. Себебі, Ұлттық банк инфляцияны төмендету үшін базалық мөлшерлемені кезең-кезеңімен 9,75% - ға дейін көтерді, бұл теңгенің инвестиция үшін құрал ретіндегі тартымдылығын арттырады. Сондай-ақ соңғы жылдардағы нарық ойыншылары энергетикалық ресурстардың құны алдыңғы жылдардағы деңгейді (суперциклді) жалғастыруды күтуде, яғни 2022 жылы мұнай бағасы өседі деген үміт бар (2021 жылы мұнай 40% - ға қымбаттады). ҚР экономикасына қосымша мұнай долларларының құйылуы теңгеге деген сұраныстың өсуіне алып келуі мүмкін, сол арқылы ұлттық валюта бағамын нығайтады. Іргелі факторларға байланысты ұлттық валюта бағамы кез келген бағытта өзгеруі мүмкін. Алайда, Ұлттық банк бірнеше рет мәлімдегендей, (және өз уәделерін орындады), ол алыпсатарлықтан және мөлшерлес емес эмоциялық реакциядан туындаған бағамның шектен тыс ауытқуына жол бермейді. Мысалы, ағымдағы жылдың қараша айының соңында және желтоқсанның басында Ұлттық Банк валютаға сұраныс артқан кезде жалпы сомасы 304 млн доллар интервенция жүргізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: