Санитарлық дәрігерлер астаналықтарға үндеу жолдады

Эпидахуал, "сары" аймақ, Нұр-Сұлтан Сурет: pixabay
Нұр-Сұлтан қаласының бүгіннен бастап "сары" аймаққа қайта өтуіне байланысты санитарлық дәрігерлер елорда тұрғындарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz

Нұр-Сұлтан қаласы 15 желтоқсаннан бері "жасыл" аймақта болған еді, алайда коронавирустық инфекцияның даму қарқыны бойынша Rt репродуктивті саны 1,019 болғандықтан, елорда қайтадан "сары" аймаққа өтті.

Rt репродуктивті саны аймақтарды анықтау критерийлерінің бірі болып табылады. Апталық аурушаңдықты салыстыра отырып, шамалы өсім байқалды, сондықтан бір апта ішінде COVID-19-дың 564 жағдайы тіркелді (алдыңғы апта – 542 жағдай). Коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың қарқынды көрсеткіші тиісінше 47,5 және 45,6 құрады, яғни сырқаттанушылық көрсеткіші алдыңғы аптадан 4%-ға жоғары болды, бұл Rt санының 1-ден жоғары өсуіне және "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа ауысуына әкеп соқты.Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Комитет келтірген мәліметке сүйенсек, бір тәулік ішінде алғашқы зертханалық расталған 85 жағдай тіркелді (симптомдары бар 58 жағдай, 27 симптомсыз жағдай), өсім – 0,05% болды.

 Аурудың көбеюінің негізгі себептері, әдеттегідей мереке күндері кейбір тұрғындардың карантиндік шектеулерді сақтамауы болып табылады. Яғни адамдардың көп жиналатын жерлерге баруынан, бетперде тақпай жүруінен, науқастардың да, жақын байланыста болған адамдардың да үй карантині режимін сақтамауынан болды.        

Таралу қаупін және әдеттегідей мереке күндерінен кейін коронавирустың оң жағдайларын тіркеу санының артуын ескере отырып, сыйымдылығы  50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан аспайтын, келушілер мен ондағы қызметкерлерде тек "жасыл" мәртебе болатын "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді санамағанда, өткізілетін жаппай іс-шараларға, оның ішінде отбасылық, корпоративтік іс-шараларға тыйым салынады.  Сондай-ақ, түрлі топтар мен ұйымдардың балаларының қатысуымен жалпымектептік және ұжымдық таңертеңгіліктерді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Санитарлық дәрігерлер алдағы мереке күндері мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілетінін айтып өтті.

Сауда және басқа да объектілердің иелері карантиндік шектеулерді бұзбай, барлық санитарлық нормаларды сақтауы тиіс.Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өткен мереке күндері халықтың басым көпшілігі карантиндік шараларды сақтаған жағдайда, елорданың "сары" аймаққа өтуіне жол бермеуге болатынын хабарлайды.

Алайда бәрі бірдей жауапкершілік таныта қоймады, осылайша елорданың ұзақ 7 ай бойы (10 наурыздан 26 қазанға дейін) тұрған "қызыл" аймаққа жақындау қаупін арттырды.Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Комитет алдағы жаңа жылдық мерекелер эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және коронавирустық инфекцияның көбеюіне әкелмеуі керек екенін баса айтты.

Ал ол біздің жүріс-тұрысымыз бен орнатылған  карантиндік шараларды сақтаудағы жауапкершілігімізге байланысты. Сондықтан, қала тұрғындарын жаңа жылды туыстарымен бірге кішігірім ортада ғана қауіпсіз атап өтуге шақырамыз.Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз