Павлодар облысында оқушылар мінген автобус отқа оранды

Төтенше оқиға Сурет: pixabay
Павлодар облысында оқушылар мінген автобус отқа оранды, деп хабарлайды Zakon.kz

Оқыс оқиға туралы мәлімет tipavlo.dar. парақшасында жарияланды.

Куәгерлердің айтуынша, оқушылардың қасында мұғалімі болған, ол жүргізушімен бірге отырған. Балалардың өздері автобус есігін ашып, жол бойына секірген.

Оқыс оқиға 2021 жылдың 23 желтоқсанында Ефремовка мен Даниловка ауылдары арасындағы тас жолда болған.

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметі болған оқиғаға қатысты түсінік берді.

2007 жылы шыққан "Газель" автокөлігі (бензинмен от алатын) толығымен өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер келгенге дейін жүргізушінің көмегімен алты бала эвакуацияланды. Қолда бар өрт сөндіргіш құралы қолданылмаған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін өрт сөндірілді. Оқыс оқиғаға себеп, болжам бойынша, электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз