Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтан қаласында вакцина салдырған зейнеткерлер арасында шипажайларға жолдама ойнатылады

Коронавирус, вакцина, ұтыс ойыны, Нұр-Сұлтан , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2021 10:43 Сурет: Zakon.kz
Елордада 28 қазан мен 28 желтоқсан аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған зейнеткерлер Қазақстан шипажайларына тегін жолдамалар ұтып ала алады. Ұтыс ойыны 29 желтоқсанда өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, Нұр-Сұлтанда 29 желтоқсанда коронавирусқа қарсы вакцина алған зейнеткерлер Сарыағаш (Түркістан облысы), Оқжетпес (Ақмола облысы), Мойылды (Павлодар облысы) шипажайларына тегін жолдама ұтып ала алады. Ұтыс ойынына елорданың кез келген вакцинация пунктінде вакцинаның бірінші компонентін салдырған зейнеткерлер қатыса алады.

Байқау автоматты режимде өткізіледі. Ол үшін құжат толтырып, тіркеуден өтудің қажеті жоқ. Санаторийге жолдамалардың ұтыс ойыны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми парақшаларында (Facebook, YouTube) тікелей эфирде өтеді.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцинацияланғандар арасында Мальдивиге екі адамға жолдама және басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылады. Коронавирустың жаңа "омикрон" штамының таралуына байланысты шетелде болып жатқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұтыс ойыны 2022 жылдың ақпан айына ауыстырылды. Оған 2021 жылдың 25 қазанынан 2022 жылдың ақпанына дейін вакцинаның 1-ші компонентін алғандар қатысады.

Бұған дейін елорда әкімдігі демеушілермен бірлесіп коронавирусқа қарсы вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер, автокөлік, 20-дан астам смартфон, тұрмыстық техника және басқа да бағалы сыйлықтар ойнатқан еді.

Елорда әкімдігіндегілердің айтуынша, бұл шараны ұйымдастырудағы мақсат – ұжымдық иммунитетті дамыту және бұрынғы карантинге дейінгі режимге қайтып оралу.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: