Алматыда көшеде жас жігітті жабылып сабағандарға қатысты полиция түсінік берді

Әлеуметтік желі Сурет: видеодан алынды
Алматыда өтіп бара жатқан адамдар бір бозбаланы жабыла сабаған топ жігітті видеоға түсіріп алған. Қалалық полиция департаменті төбелескендердің жеке басы анықталғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Kris.p.almaty Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, оқыс оқиға Шаляпин және Алтынсарин көшелерінің қиылысындағы кафе маңында болған.

Видеоны желіге жүктеген автордың айтуынша, 28 желтоқсанда түнде бір топ жас жігіт інісін сабап кеткен: бірі тоқпақпен ұрса, екіншісі басынан тепкен. Видеоны сол маңнан өтіп бара жатқан қыздар түсіріп алған. Жәбірленушінің жағдайы, туысының айтуынша, ауыр деп бағалануда, ол қазір ауруханада жатыр.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін қалалық полиция департаментіне хабарласты.

Аталған факті ҚР ҚК 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Күдіктілерді ұстау бойынша жедел іс-шаралар кешені ұйымдастырылды. Олардың жеке басы анықталды. Енді оларды ұстау — уақыт еншісіндегі іс.Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

Құзырлы ведомство қылмыстық іс аясында сот-медициналық сараптама тағайындалатынын атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз