Мереке күндері ХҚО-лар жұмыс істемейді

ХҚО, авто ХҚО, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2021 15:08 Сурет: ХҚО
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мереке күндері жұмыс істемейтіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтайды және мереке күндері ХҚО мен автоХҚО-лар 1, 2, 3, 4 және 7 қаңтарда жұмыс істемейтінін хабарлайды.

5 және 6 қаңтарда барлық ХҚО-лар штаттық режимде 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. 

Мемлекеттік корпорация қызметтердің 93%-ы онлайн тәсілмен алуға болады.

Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді egov.kz порталы, egov mobile қосымшасы, @kenes1414bot телеграм-боты арқылы ала алады. Сондай-ақ азаматтарға 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, бөлімдердің жұмыс кестесін және қажетті мәліметтерді білуіне болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: