Тоқаев кәсіпкерлікті реттеу бойынша өзгерістер енгізілген заңға қол қойды

Кәсіпкерлік саласы Сурет: Ақорда
Жаңа заң бизнес үшін артық қадағалау мен реттеуді және әкімшілік шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Zakon.kz

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген Ақорда сайтында.

Жаңа заң бизнес үшін артық қадағалау мен реттеуді және әкімшілік шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлік қызметті реттеудің жаңа тәсілдері қалыптастырылады. Заң жобасын әзірлеушілердің деректері бойынша, бұл бизнеске артылатын жүктемені едәуір азайтуға, елімізде оңтайлы және тиімді реттеу жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметі, биржалық сауданы дамыту және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз