Мәжіліс депутаты Маңғыстаудағы жағдайға байланысты пікір білдірді

Жаңаөзен-2022, сұйытылған газ, Маңғыстау, мәжіліс депутаты Сурет: Ж. Жұмабекова
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл ҚР премьер-министрінің міндетін атқарушы Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz

«Nur Otan», «Ақ жол», «Қазақстанның Халық партиясы» фракцияларының депутаттары, сондай-ақ Қазақстан Халқы Ассамблеясының депутаттық тобының атынан жолданған депутаттық сауалда Маңғыстау облысының тұтынушыларына арналған сұйытылған мұнай газына бағаның көп көтерілуі, салдарынан ол азаматтардың наразылығын туғызып, аймақтағы әлеуметтік шиеленісті күшейтіп жібергендігі айтылған.

Депутат айтып өткендей, жағдай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауына алынды. Президенттің тапсырмасы бойынша үкіметтік комиссия жұмыс істеді, ол қалыптасқан жағдайдың оңтайлы шешімін тапты. 

Проблема жаңа жылдың алғашқы күндері шиеленіскенге қарамастан, оның алғышарттары бұрын да белгілі бола бастағанын атап өту керек. Сұйытылған газ нарығына, отынның тапшылығына, саладағы баға белгілеуге қатысты мәселелерін бірнеше рет Мәжіліс депутаттары да көтерген еді.Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл

Депутат олардың бірқатарының реттелгенін, алайда тағы бірқатары шешімін таппағанын айта келе, соларға тоқталып өтті.

Оның айтуынша, Энергетика министрлігі бағаның былайша өсуін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап сұйытылған газдың 100%  электронды сауда алаңы арқылы сатылатынмен түсіндіреді. Үш жыл ішінде (заң күшіне енгеннен кейін)  сауда алаңында нарықтық тетіктер қалыптасып үлгермеді. Сауда-саттықты Энергетика министрлігі «қолмен басқару» режимінде өткізді. Бұл «кнопкалы» аукцион деп аталатын жағдайға жеткізді, бұл электронды алаңдар тетігінің беделін кетірді, нәтижеге қол жеткізбеді, сөйтіп бүгінгі күнгі дағдарысты жағдайға алып келді.

Сондай-ақ ол елімізде сұйытылған газ сатудың бірыңғай ұлттық нарығы қалыптаспағанын, оның есесіне, сұйытылған газ тапшылығы орын алып, оның көрсеткіші 2021 жылы 15 %-ға жеткенін де баса айтты.

Бірқатар аймақтарда сауда-саттық нәтижесінде көтерме баға керісінше төмендегенін көріп отырмыз. Бұл сауда-саттықты өткізу процедурасының өзінде және бөлшек сауда бағасын қалыптастыруда проблемалардың бар екенін көрсетеді. Үкімет бұл мәселені қарастырып, шешу керек.Бақытбек Смағұл

Сонымен қатар Мәжіліс депутаты Энергетика министрлігін сынға алды. Оның айтуынша, көтерме сауда нарығындағы алыпсатарлықты жою және сауда-саттықтың ашықтығын арттыру мақсатымен өткен жылы Парламент биржалық сауданы ұйымдастыру жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Заң күшіне енді, алайда Энергетика министрлігі сұйытылған газды өткізудің жаңа ережелерін әлі күнге дейін жасаған жоқ.

Осы өзекті мәселелерді реттемейінше, бізде бағаның шарықтауы сұйытылған газға ғана емес, тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің көптеген түрінен байқалатын болады, түптеп келгенде бұдан қарапайым тұтынушы зардап шегеді. Біздің бәріміз бұл күндері Жаңаөзенде, Ақтауда болған оқиғаларға күйзелдік. Бақытбек Смағұл

Сөз соңында депутат халықты тыныштық пен қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, жауапкершілік танытуға шақырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз