Алматыны бандиттік топтардан тазарту жұмысы жалғасып жатыр

Алматы, бүлік, жаппай тәртіпсіздік-2022 Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының комендатурасы қаланы тазарту бойынша есебін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы комендатурасының Ақпараттық орталығы таратқан мәлімет бойынша, Сайын – Райымыбек – Карьерная – Жандосов көшелері, Абай – Достық – Әл-Фараби – Желтоқсан көшелерінің аумағы тазартылды.

Сондай-ақ Әуезов, Алатау және Медеу аймақтарын тазарту операциясы жалғасып жатқаны белгілі болды.

Лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстар жасады деген күдікпен барлығы 508 адам ұсталды.

22 қару мен 1 412 оқ-дәрі тәркіленді. Бақылау бекеттерінде 56 адам мен 9 көлік ұсталды.Алматы қаласының комендатурасы

«102» пультіне 1021 хабарлама, комендатураның call-орталығына 525 сигнал түскен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз