Алматыда қоғамдық көліктер қатынай бастады

Қоғамдық көліктер Сурет: Zakon.kz
Бүгіннен бастап Алматыда қоғамдық көліктер 11 бағыт бойынша қайта қатынай бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Almaty.tv хабарлауынша, қоғамдық көліктер 11 бағыт бойынша жұмысын жандандырды. Олар таңғы 7.45 бастап, кешкі 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Атап айтар болсақ, №34, №118, №38, №205, №206, №16, №11, №128, №141, №68 бағыттағы автобустар. 

Қоғамдық көліктер мына бағыттар бойынша қатынайды:

№34: Теміржол вокзалы №1 – Сейфуллин – Абай – Алтынсарин – Мұстафин – әл-Фараби бағыттары бойынша.

№ 118: Райымбек – Саин – Абай – Назарбаев – Төле би – Қалдаяков – Гоголь – Мәдениет және демалыс саябағына дейінгі бағыттар бойынша.

№ 38: әл-Фараби – Батыс айналма жолы – Саин – Рысқұлов бағытында.

№ 205: «Жетісу» базары – Үлкен Алматы айналма жолы – Төле би – Тимирязев – Саин – аль-Фараби бағыттары бойынша.

№ 206: Төле би – Саин – Төле би көшелерімен тура – Үлкен айналмалы жолы бағыттары бойынша, № 16: Төле би – Саин – Төле би көшелерімен тура – Желтоқсан/Наурызбай батыра – Гоголь – Мәдениет және демалыс саябағына дейінгі бағыт.

№ 11: Саин – Райымбек көшесімен тура – Тәтібеков – Думан ықшамауданы бойынша, № 128: Саин-Жандосов – Алтынсарин – Абай – Достық – Самал ықшамауданы және кері осы бағытта.

№141: Рысқұлов – Розыбакиев – Райымбек – Саяхат – Достык –Мұзтау ықшамауданы (Бутаковка айналмасы) №65: Саин - Төле би – Абай – Достық – Думан ықшамауданы бағыттары бойынша жүреді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз