Қазақстанның ХҚКО-лары жұмыс істей бастады

ЦОН Сурет: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2022 жылғы 10 қаңтардан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысын қоспағанда, Қазақстанның барлық өңірінде ХҚКО-лар жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Азаматтарға кезең-кезеңімен барлық қызметтер қолжетімді болады, Жамбыл облысының тұрғындары жеке куәліктер мен паспорттарды ресімдеу жөніндегі қызметтерді уақытша пайдалана алмайды.ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Айта кету керек, байланыс сапасына байланысты жұмыс барысында кідіріс болуы мүмкін.

Сондай-ақ, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері басқа міндеттерді орындап жатқандықтан, ҚР барлық өңірінде автоХҚКО-лар жұмыс істемейді. «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-ның баспасөз қызметі Алматы қаласы мен Алматы облысындағы автоХҚКО-лар мен ХҚКО-лар жұмысының қайта жанданғаны туралы қосымша хабарлайтын болады.

Бұған дейін Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты ХҚКО-лар жұмысын тоқтатқан болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз