Алматы облысында қаза тапқан полицейлердің отбасына 5 миллион теңге беріледі

Тәртіп сақшылары, Алматы облысы , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2022 09:02 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында лаңкестермен қақтығыста қаза тапқандардың отбасына 5 миллион теңгеден беріледі, деп хабарлайды Zakon.kz

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әкім Қанат Бозымбаев өңірдегі полиция қызметкерлерімен кездесіп, оларға алғыс айтты.

Ол қаза тапқан полицейлердің отбасына көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Ерен ерлігі үшін Жетісу жұртшылығының атынан сіздерге зор алғыс айтамын. Лаңкестермен күрес кезінде бірнеше полицей қаза тапты. Зардап шеккендер де көп. Бұл – баршамыздың ортақ қайғымыз. Мемлекет олардың отбасын қиындықта жалғыз қалдырмайды. Біз қамқорлық жасаймыз. Әрбір қаза болған азаматтардың отбасына 5 миллион теңгеден біржолғы материалдық көмек көрсетілетін болады. Балаларының оқу ақысына көмектесіп, басқа да қолдау шаралары қарастырылады.Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: