Жаңалықтар тізбегі
0

"Алматы трагедиясы": Шығын шаш етектен

тәртіпсіздік-20200, Алматы, жаппай тәртіпсіздік, шығын, "Атамекен", сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2022 10:24 Сурет: Zakon.kz
Алдын-ала есептеулер бойынша елдегі жағдай салдарынан келген шығынның жалпы сомасы 95,3 млрд теңгеден асты. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, 2022 жылғы 11 қаңтар сағат 09.00-дегі жағдай бойынша, шығынның жалпы сомасы 95,3 млрд теңгеден асса, соның ішінде Алматыда 93,8 млрд теңге.

Байланыс орталығына 3 507 қоңырау түсті, соның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 1669, форс-мажор – 138, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 11, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1671.

Елдің 9 өңірінде 1709 нысанда орналасқан 1528 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды, соның ішінде Алматы қаласында – 1578 нысанда орналасқан 1408 субъект.

Зардап шеккен бизнес салалары:

  • сауда – 1448;

  • қоғамдық тамақтану – 32;

  • қаржы секторы – 37;

  • логистика – 9;

  • БАҚ – 2.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: