Ажар Ғиният Қазақстанда соңғы екі аптада коронавирус көрсеткіші көңіл көншітпей отырғанын айтты
Сурет: pixabay
ҚР жаңадан сайланған Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында елдегі эпидахуалдың нашарлап кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Індеттің өршуі тек Қазақстанда ғана емес, әлемде де байқалуда.
Соңғы тәулікте ПТР тесті оң нәтижесімен 4810 жағдай, ал теріс нәтижесімен 79 жағдай тіркеліп отыр. Эпид жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, "қызыл" аймақта Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалалары, Атырау облысы және "сары" аймаққа 6 өңір – Ақтөбе, БҚО, Қарағанды Қызылорда, Павлодар, Маңғыстау облыстары кірді. ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният
Министрдің дерегіне сәйкес, соңғы аптада елордада науқастар саны 9,9 есе, Шымкентте 3,7 есе, Алматы қаласында 2 есеге өскен.
Генетикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша, қаңтардың басында "омикрон" Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында анықталып, дәлелденді. "Омикрон" штамының ерекшеліктері: жылдам жұғады, қайта жұғу қаупі жоғары және тыныс алу жолдарында "дельтаға" қарағанда 70 есе жылдам көбейеді. ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният
Министр дүниежүзі бойынша алдын-ала жасалған зерттеулер нәтижесі бойынша індеттің ауыр түрлерін алдын алуға және өлімнен 75% ревакцинация арқылы қорғануға болатынын көрсеткенін атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript