Жаңалықтар тізбегі
0

ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің бұрынғы орынбасарлары ұсталды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мәсімов ісі, Мәсімовтің орынбасары, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2022 15:30 Сурет: Zakon.kz
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz

Осы іс аясында билікті күштеп тартып алу және қызмет бабын асыра пайдалануға бағытталған әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Осы қылмыстарды жасады деген күдікпен Кәрім Мәсімовтен бөлек ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы Әнуар Садықұлов пен ҰҚК төрағасының орынбасары Дәулет Ерғожин ұсталды.ҚҰ ҰҚК баспасөз қызметі

Тергеу жалғасуда.

Бұған дейін 6 қаңтар күні Комитеттің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ұсталғаны хабарланған болатын.

6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 175-бабы – мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сол күні осы қылмысты жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.ҚҰ ҰҚК баспасөз қызметі

Президент Ермек Сағымбаевты ҰҚК-нің жаңа төрағасы етіп тағайындады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: