Абзал Әбдікәрімов ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Ұлттық экономика вице-министрі Сурет: ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Абзал Әлиұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Абзал Әбдікәрімов 1987 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.

Абай атындағы ҚазҰПУ, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Kings College London, University of London, IE Business School бітірген.

Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі. Еңбек жолын 2010 жылы коммерциялық ұйымдарда бастаған.

Еңбек өтілі:

2014-2015 жылдары — «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ инвестициялық жобалар департаментінің бас маманы, директоры.

2015-2016 жылдары – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ департаментінің жоба жетекшісі.

2016-2019 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігінде министрдің кеңесшісі, департамент директорының орынбасары, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау департаментінің директоры.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз