Сапар Нұрашев Алматы әкімдігі ғимараты қашан қалпына келтірілетінін айтты

Сұхбат Сурет: Zakon.kz
Алматының Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев әкімдікті тазарту не үшін қажет екенін, оған жұмысшылар қайдан тартылатынын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz
Әкімдік ғимаратының әкімшілік бөлігі қатты зардап шеккен. Сондықтан бұл арада 100% қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Шығын бүлінген ғимаратқа сараптама ұйымдары техникалық аудит жүргізгеннен кейін анықталады. Осыдан кейін жобалау ұйымдары қалпына келтіру жұмыстарының шығындарын есептейді. Сапар Нұрашев

Бұл араны тазалау техаудиторлардың жұмыс істей алуы үшін қажет.

Техникалық тексеру жұмыстарын жүргізу үшін барлық тірек конструкциялары ашық болуы керек. Шамамен екі күн бойы бұл кострукциялар жан-жақтағы жалынның кесірінен қызып тұрды. Сондықтан оның барлығы толығымен тексерілуі керек.Сапар Нұрашев

Алматы Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы айтып өткендей, тазарту жұмыстарына 20-ға жуық құрылыс компаниясы жұмылдырылды.

Бұл іс бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қолға алынды. Олар қала әкімдігінің ішкі бөлігін ақысыз тазартуға көмектесті.Алматы қалалық жайлы орта басқармасының басшысы

Сондай-ақ, ол ғимараттың қиратылатын-қиратылмайтынын айтты.

Бәлкім, қиратылмайтын шығар. Сапар Нұрашев

Оның айтуынша, бюджет әзірленген жобаға сәйкес анықталады. Бүлінген әкімдік ғимараты ішін тазалау жұмыстары 13 қаңтарда басталды. Ол үшін әкімдік жұмысшылар іздеп жатқан жоқ.

Өрттің алдын ала себебі – ғимаратты іштен өртеу.

Алдын ала есеп бойынша, қалпына келтіру жұмыстары кем дегенде бес-алты айға созылуы мүмкін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз