Коронавирус инфекциясының жаңа толқыны келе жатыр

Алматыдағы ахуал, коронавирус, "қызыл" аймақ, санитарлық дәрігер Фото: Zakon.kz
Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күрт өсті. Оның жаңа толқыны наурызда басталуы мүмкін. Бұл туралы қаланың жаңа тағайындалған бас санитар дәрігері Қарлығаш Әбдіжаппарова мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Ол журналистермен өткен брифингте қаланың үшінші күннен бері «қызыл» аймаққа енгенін айтты. Қалада КВИ жұқтырғандар саны 2,2 есеге өсті.

Эпидемияның кезекті толқыны жаңа жылдық мерекелер мен тәртіпсіздіктерден кейін басталды және оған "омикрон" штамы себеп болды. Мұны 6 қаңтардағы секвенирлеу нәтижелері растайды: 96 сынаманың 8 сынамасында жаңа штамм табылды, оның ішінде 7 сынама Алматыдан.

«Омикронға» тән эпидемиологиялық процестің ерекшеліктері байқалады: жұғуы жылдамырақ, иммунитетті жеңу қабілеті күштірек, қайта жұқтыру қаупінің жоғарылығы және 20-30 жастағы жастардың көбірек сырқаттануы.

Бір аптаның ішінде КВИ жұқтырғандар саны күрт артты. Оған қоса қайта науқастанып жатқандар саны да көбейіп келеді.

Осының барлығы "омикрон" штамы халық арасында тез таралып жатқанын және жақын арада "дельта" штамын алмастыратынын көрсетеді.Алматының бас санитар дәрігері Қарлығаш Әбдіжаппарова

Санитарлық дәрігерлер коронавирустың келесі толқынының шарықтау шегі осы жылдың наурыз айына тұспа-тұс келеді деп болжап отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз