Алматыдағы автоХҚО-лар жұмысын қайта бастады
Сурет: gov.kz
14 қаңтардан бастап Алматы бойынша автоХҚО-лар жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды Zakon.kz
АвтоХҚО-лар дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін халыққа қызмет көрсетеді. "Азаматтарға арналған үкімет "МК" КЕАҚ баспасөз қызметі
Сондай-ақ, ведомство Алматы және Жамбыл облыстарындағы автоХҚО-лар ғана ашылмағанын атап өтті.
Аталған өңірлерде жұмыстың қайта басталғаны туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады."Азаматтарға арналған үкімет "МК" КЕАҚ баспасөз қызметі
Мамандандырылған ХҚО ғимаратына "Ashyq" қосымшасы арқылы кіруге болады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты клиенттер санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс. Әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағуы керек.
Мемлекеттік қызметтер бойынша қажетті ақпаратты 1414 нөмірі және ресми парақшалардан алуға болады (gov4c.kz, Instagram, Facebook)
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript