Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау облысында карантин шаралары қатайтылады

Жаңа қаулы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2022 19:18 Сурет: Zakon.kz
Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әлия Бекешева 14 қаңтарда жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz

Құжатта облыста COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың өршуіне байланысты және Қазақстан Республикасында «Омикрон» штаммы айналымының анықталуын ескере отырып, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде 30 адамға дейін еске алу шараларын өткізуді қоспағанда, отбасылық (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т.б.), естелік іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізілетін іс-шараларды қоса алғанда, ашық ауада, үй-жайлардың ішінде бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынатыны атап көрсетілген.

 Сондай-ақ «Ashyq»  жобасына қатысуына қарамастан мыналарға тыйым салынатыны көрсетілген:

  • концерт залдарының, филармониялардың, театрлардың, цирктердің, қызметіне;

  • діни бірлестіктер объектілерінде (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге;

  • конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдарды селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізуге рұқсат етумен, оффлайн режимде өткізуге;

  • түнгі клубтардың қызметіне;

  • қоғамдық тамақтану объектілеріндегі бар үстелдеріне қызмет көрсетуге және ән айту және би бойынша қызметтер көрсетумен караоке қызметіне (қоғамдық тамақтану бойынша қызметтерді қоспағанда);

  • жеке кездесулер өткізуге (тек екпе алған 10 адамға дейін).

Құжатта қоғамдық тамақтану объектілерінде бір үстелге отырғызу санын 4 адамға дейін қысқарту (әртүрлі үй шаруашылықтарынан) бұйырылады.

Сондай-ақ қаулыда білім алудың онлайн форматына көшу жайы былай түсіндіріледі:

  • тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық обьектілерін қоспағанда, COVID-19-ға қарсы қызметкерлерді вакцинациялаудың жүргізілуіне қарамастан мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 70% - ын қашықтықтан жұмыс істеу нысанына көшіру;

  • 600 оқушыға дейінгі облыс орталықтарының, аудан орталықтарының мектептері және ауылдық мектептер – оқытудың штаттық форматына, 600 оқушыдан астам мектептер – қашықтықтан оқыту форматына (0-1-2 сыныптар-оқытудың штаттық форматына және 3-4-5 сыныптарда кезекші сыныптар (сыныптың толықтырылуы 15 баладан артық емес));

  • колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін оқыту-аралас оқыту форматына: барлық дәрістер онлайн, тәжірибелік, зертханалық, семинарлық сабақтар икемді кесте бойынша штаттық режимде;

Вакцинацияланған оқушылар мен толық вакцинация курсын аяқтаған студенттерді оқу орны әкімшілігінің қарауы бойынша штаттық режимде оқытуға жол беріледі.

– эпидемиологиялық тәуекел аймағына қарамастан мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында оқыту – жеке сабақтар штаттық режимде, топтық – 10 адамға дейін, мүмкіндігі шектеулі балалар/ересектер үшін түзету (коррекция) орталықтарында/бөлмелерінде – жеке және 8 адамға дейінгі топтық сабақтар штаттық режимде.

«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілерге осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жұмыс және демалыс күндері сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат етілсін, ал демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебе болған жағдайда (вакцинациялау, сынама алған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесттің болуы, КВИ-ге қарсы вакцинациялауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе КВИ-мен ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) объектілердің жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

«Ashyq» жобасына қатыспайтын объектілердің қызметіне Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі №42 «Шектеу және карантиндік шаралар және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысында көзделген «қызыл» аймақ үшін өлшемшарттарға сәйкес рұқсат етіледі.

Осы қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енеді.

Құжаттың толық мәтінімен мына арадан таныса аласыздар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: