Қызылорда облысында карантин шаралары күшейтілді

Жаңа қаулы Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
15 қаңтардағы жағдай бойынша Қызылорда облысы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында "қызыл" аймақта орналасқан. Өткен тәулікте өңірде КВИ-дың 320 жағдайы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz

Қызылорда облысының бас санитарлық дәрігері Динара Жаңабергенова карантин шараларын қатайтатын жаңа қаулыға қол қойды.

Оған сәйкес, көрермендер қатысатын бұқаралық, спорттық іс-шараларға, мерекелік корпоративтерге және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларға тыйым салынады. Ashyq жобасына қатысатын нысандарда саны 30-ға дейін көлемдегі адамға ас беру рәсімін өткізуге ғана рұқсат етіледі.

Ashyq жобасына қатысуына қарамастан мыналарға тыйым салынады:

  • концерт залдарының, театрлардың, кинотеатрлардың, цирктердің, филармониялардың қызметіне;

  • діни бірлестіктер объектілеріндегі ұжымдық іс-шараларға;

  • конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар өткізуге;

  • түнгі клубтардың қызметі және т.б.

Мектептегілер 31 қаңтарға дейін, ЖОО мен колледждегілер 6 ақпанға дейін қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Қаулының толық мәтінімен мына арадан танысуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз