Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев қызметінен босатылды

Кадрлық өзгеріс Сурет: gov.kz
Қаланың экс-басшысы бүгінгі таңда еңбек демалысында екені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚазАқпарат бұл деректі облыс әкімінің баспасөз қызметі растағанын хабарлайды.

Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев емделу үшін 30 желтоқсанда еңбек демалысын алған болатын. Қала әкімі 10 қаңтарда жұмысқа кері шақыртылып алынды. Алайда ол келесі күні денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық парақшасын аштырды. Облыс әкімінің өкімімен Қайрат Оразбаев 14 қаңтар күні өзінің өтініші негізінде Атырау қаласы әкімі қызметінен босатылды. Қазір Атырау қаласы әкімінің міндетін атқару қала әкімінің орынбасары Жұмабек Қаражановқа жүктелді. Атырау облыс әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетсек, Қайрат Оразбаев Атырау қаласы әкімінің қызметіне 2020 жылғы қаңтарда тағайындалған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз