Парламент депутаттары бір күндік жалақыларын «Қазақстан халқына» қорына аударды

Парламент, қаңтар қасіреті, қаңтар оқиғасы, жаппай тәртіпсіздік, "Қазақстан халқына" қоры Сурет: parlam.kz
Сенат пен мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құру туралы бастамасын қолдап, бір күндік жалақыларын осы қорға аударды, деп хабарлайды Zakon.kz

«Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың 11 қаңтарында Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде тапсырған болатын.

Қор денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы нақты проблемалармен айналысатын болады.

Мемлекет басшысы атап өткендей, қорда жиналған қаражат сирек кездесетін ауруға шалдыққан балаларға көмек көрсетуге, қала, аудан, кент, ауылдарда балаларға арналған спорт нысандарын салуға, дарынды балаларға қолдау көрсетуге және басқа да әлеуметтік мақсаттарға бағытталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз