Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы әкімдігі ғимаратының кейбір қабырғаларын қирату қажет — Әзірбаев

Қалалық әкімдік , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2022 11:54 Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев қалалық штаб отырысы барысында тәртіпсіздіктер кезінде өртеліп, қираған әкімдік ғимаратының сараптама нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сарапшылар ғимарат қабырғаларынан сынамалар алып, талдау жүргізді. Оның алғашқы қорытындысы белгілі болды.

Ғимараттың негізгі конструкциясында ахау жоқ. Қабырғалар өртеніп, сылағы түсіп қалған Ал екінші қабатта үлкен іс-шаралар өткізетін залға қатысты сұрақ туындап отыр. Залдың төбесіндегі күмбездің металл жақтауына зақым келген. Алдын ала есептеудің нәтижесі ертең белгілі болады. Соған сүйене отырып, ғимараттың едені мен қабырғаларына қатысты шешім қабылдаймыз. Біз барлық инженерлік желілерді өзгертеміз, өйткені барығы зақымданған. ҚазҚСҒЗИ кейбір қабырғаларды қиратуды ұсынып отыр. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев

Оның айтуынша, Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде 243 нысан бүлінген, олардың шынысы мен есіктерін ауыстыру қажет.

Бүлінген 10 мемлекеттік мекеме ғимараты бюджет есебінен жөнделеді. Соның ішінде әкімдіктердің төрт ғимараты, Qazaqstan телеарнасының ғимараты, Президенттің резиденциясы, Алматы прокуратурасы, Құқықтық статистика басқармасының ғимараты қатты бүлінді. Сондай-ақ, полиция департаментінің, фронт-офистердің ғимараттарын жөндеу көзделіп отыр. Қалған 17 нысанның шығыны көп емес. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев

Алматы әкімінің орынбасары атап өткендей, қалпына келтіру жұмыстары бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүргізіледі.

Бізге құрылыс және ірі мердігерлік ұйымдар жүгінді, олар өздері кішігірім жұмыстарды жүргізуге ниет білдіріп отыр. Бес денсаулық сақтау нысаны, сондай-ақ полиция департаментінің 10 модульдік бекеті, фронт-офисі бар аудандық полиция басқармаларының екі ғимараты бойынша жұмыс басталып кетті. Бұл ғимараттардың барлығы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі есебінен қалпына келтіріледі. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев

Сондай-ақ, 25 қаңтарға дейін ҚазҚСҒЗИ мен ИИДМ техникалық тексеру бойынша өз қорытындыларын беруі тиіс, 15 наурызға дейін қала билігіне әкімдік, прокуратура және Qazaqstan телеарнасы ғимараттары бойынша жобалау-сметалық құжаттама таныстырылуы керек .

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: