Жаңалықтар тізбегі
0

«ҚТО» бас директорының міндетін уақытша атқарушы болып Арынов тағайындалды

Тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2022 19:29 Сурет: kaztransoil.kz
Сәбит Арынов "ҚазТрансОйл" АҚ (ҚТО) Бас директорының әрі Басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚТО акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде бар.

"ҚазТрансОйл" АҚ Бас директорының (Басқарма төрағасының) міндеттерін уақытша атқару "ҚазТрансОйл" АҚ Бас директорының орынбасары, басқарма мүшесі Сәбит Әбілдайұлы Арыновқа жүктелсін.KASE

Білімі мен білігі: 

1999 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау технологиясы және техникасы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесіне ие (МВА), Назарбаев университеті.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1999 жылы Атырау мұнай айдау станциясында технологиялық құрылғыларды жөндеу жөніндегі слесарі болып бастаған. Кейін Атырау мұнай құбыры басқармасының инженер-механигі болды.

2000-2002 жылдары – Атырау су дайындау және сумен қамтамасыз ету басқармасының магистральдық құбырлар және жабдықтарды пайдалану қызметінің инженері.

2002-2005 жылдары - «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының пайдалану бөлімінің инженері, орталық диспетчерлік пункттің диспетчері, диагностика жөніндегі инженері, мұнай құбырын пайдалану бөлімі бастығының орынбасары.

2005-2006 жылдары – Орал мұнай құбыры басқармасының магистральдық құбырларды пайдалану қызметінің басшысы, 2006-2007 жылдары Орал мұнай құбыры басқармасының бас инженері.

2007 жылдың қарашасынан 2008 жылдың мамырына дейін - «Терминалекс» ЖШС бас директоры.

2008 жылдың мамыр айынан 2009 жылдың желтоқсан айына дейін - «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының бас инженері.

7 жылдан аса «ҚазТрансОйл» АҚ пайдалану департаментінің директоры лауазымын атқарды. 2017 жылдың маусымынан 2018 жылдың ақпанына дейін «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалын басқарды.

2017 жылғы 13 желтоқсаннан бастап «Магистральдық Суағызғы» ЖШС Байқаушы кеңесінің төрағасы.

2018 жылдың ақпанынан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары болып келді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: