Енді WhatsApp-та сурет салуға және фотоны бұлдыратуға болады

WhatsApp, әлеуметтік желі, мессенджер, смартфон Сурет: Pixabay.com
WhatsApp мессенджері бейне файлдарға жаңа сурет салу мүмкіндіктерін бета сынақтан өткізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz

WABetaInfo порталының мәліметінше, қолданбаның кейінгі бета нұсқасында сурет салу құралдары бар.

Жаңа нұсқаны сынап көргендер сурет салуға арналған "қарындаш" тәріздес құралдың мүмкіндігін көріп отыр. Қазір оның үш нұсқасы дайын. Басқа да нұсқалар әзірленіп жатыр.

Сонымен бірге жаңартылған нұсқада Telegram және Facebook-тегі функцияға ұқсас фотоларды бұлдыратуға және хаттарға "реакция" қалдыруға болады. Бұл құралдың көмегімен фотоның бір бөлігін жасыруға да мүмкіндік бар.

Whatsapp-тың жаңа мүмкіндіктері Android 2.22.3.5 нұсқасы орнатылған құрылғыларда қолжетімді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз