Дариға Назарбаеваның әлеуметтік желіде парақшасы жоқ

Дариға Назарбаева Сурет: pixabay
Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның баспасөз хатшысы әлеуметтік желілерде оның парақшалары жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Соңғы уақытта Дариға Назарбаеваның атын жамылып, әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар тіркеле бастады. Оның үстіне түрлі жазба жариялады. Дегенмен оның баспасөз хатшысы желіде аккаунттары жоқтығын мәлімдеді.

Дариға Назарбаеваның әлеуметтік желілерде жеке аккаунттары жоқ, – деді оның баспасөз хатшысы.

Сондай-ақ, Дариға Назарбаеваның қызметіндегі жаңалықтар ҚР Парламенті мәжілісі мен Нұрсұлтан Назарбаев Қорының сайты арқылы жарияланатынын атап өтті. Аталған ұйымдардың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары да Назарбаеваның жұмысы туралы ақпарат бере алады.

17 қаңтарда Дариға Назарбаеваның қаңтар айының соңына дейін ақысыз демалыста болатыны айтылған еді. Ал 12 қаңтарда депутат коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз