Руслан Жақсылықов ҚР Қорғаныс министрі болып тағайындалды
Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалсын, – делінген Жарлықта.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Руслан Жақсылықов 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысының Қаскелең қаласында қызметшілер отбасында дүниеге келген.
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
И.C.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесі (1987)
"Командалық тактикалық" мамандығы
М. В. Фрунзе атындағы әскери академия (1996)
"Әскери барлаудың командалық-штабтық жедел-тактикалық" мамандығы
Ресей Федерациясы ҚК Бас штабы Әскери академиясының Жоғары академиялық курстары (2004)
"Мемлекеттің әскери қауіпсіздігі" мамандығы
Еңбек өтілі:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары (2006-2007);
Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер Бас штабының бастығы ( 2007-2008);
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің қолбасшысы (04.09.2008-01.2013);
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Бас қолбасшысы (01.2013-04.2014);
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы (04.2014-09.2021);
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – ҚР Ұлттық ұланының Бас Қолбасшысы (09.2021 ж. бастап)
Сайланбалы қызметтері:
3-ші сайланған Шымкент қалалық мәслихатының депутаты (2003)
Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:
КСРО және Қазақстан Республикасының 14 медальдарымен марапатталған
Әскери қызмет, әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер:
Взвод командирінен құрама командиріне дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет өткерген (1987-2006);
Генерал-лейтенант (06.05.2014)